Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада жаңадан екі саябақ салынады

2019 жылдың 11 маусым 2019 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қалада тағы екі жаңа саябақ пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында Нұр-Сұлтан тұрғындары тағы да жаңадан ашылатын екі саябақта серуендейтін болады. Біз ол саябақтарды Бейбітшілік және келісім сарайынан бастап «Нұрлы жол» вокзалына дейін 6 шақырымды алып жатқан «Мыңжылдық» аллеясының бойында орналасуын жоспарладық», - деп жазды Б. Сұлтанов өзінің facebook парақшасында.

Оның айтуынша, «Мыңжылдық» аллеясы «Нұржол» бульвары, Президент саябағы, Бәйтерек, Ғашықтар саябағы арқылы қаланың орталық белдігін жалғастыратын үлкен әрі демалушыларға ыңғайлы жасыл саябаққа айналатын болады.



null

«Бульвардың нақ ортасында орналасатын жаңа Қазақ драма театры осы жердің ең басты нысаны болмақ. Ал оны бойлай ұлттық, азиялық және еуразиялық сәулет стилінде тұрғын үйлер салынады. Аллеяның орталық бульварын жобалау бойынша байқау жарияланды. Сол сияқты қала құрылысының кеңесінде оны айнала қоршайтын тұрғын үй кешендерінің жобаларын қаралды. «Мыңжылдық» ауданының жаңа келбетіне қала тұрғындары өз бағасын беретініне сенімдімін», - дейді ол.

Қала әкімінің мәліметіне сүйенсек, «Мыңжылдық» аллеясының аумағы 1,2 мың гектарға жуық жерді қамтиды. Және бүгінде оның 10 пайызы игеріліп, одан бөлек, ол жерге жол және инженерлік желілердің 50 пайызы тартылды.




null

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай