Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 22:58 1302

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекеге арналған отшашу сағат 22:00-де қаланың екі жерінде өтетіні туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Елордалықтар мен мегаполис қонақтары фейерверкті Есіл өзенінің жағалауында және Триатлон саябағында тамашалай алды.


 
Бүгін адамзат тарихындағы ең алапат соғыстың аяқталғанына 74 жыл толды. СССР үшін қанды соғыс тоқтаусыз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылды. Оған Совет одағының құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Жалпы, 1939 жылдың қыркүйегінде басталған Екінші дүниежүзілік соғыс оты әлемнің 57 елін шарпып, әртүрлі деректер бойынша 50-ден 80 миллионға дейін адам өмірін жалмап кеткен.



null  
Соңғы деректерге сүйенсек, соғыс жылдары СССР-ден 27 миллион құрбан болған. Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам майданға аттанып, оның тең жартысы оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Совет Одағының Батыры атанды.



null

Қазақстанда қазіргі таңда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 1 400-ден астам ардагер тұрады.



null 

 

 

 

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай