Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Елордада жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» аясында 200-ден астам іс-шара өтеді

2019 жылдың 8 қазан 2019 01:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтанда 200-ден астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 130-ы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында елордада Рухани жаңғыру жобалық кеңсесі құрылды.

«Елордада жүзеге асырылып жатқан жобалар Елбасы мақаласында көзделген жаңғырудың 6 бағытына бағытталған. Ол үшін Нұр-Сұлтанда 13 арнайы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының өкілдері.

Қалада өтіп жатқан іс-шаралар жастарды кең ауқымда қамтуға бағытталған. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «True or False» жобасы іске асырылуда, ол жастардың сыни ойлау қабілеті мен ақпараттық сауатын арттыруды көздейді. Бұған қоса, жоба шеңберінде жастардың сыни ойлау және киберкеңістікте ақпаратты талдау қабілетін арттыратын «True or False» сыни ойлау мектебі ашылады.

Қазан-қараша айларында ІТ, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушыға арнап тренингтер өткізеді. Сондай-ақ жобалық кеңсе аясында білім орталығы жұмыс істейді, онда қазақстандық профессорлар мен қоғам қайраткерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тегін лекция оқиды. Тегін дәрістер жыл соңына дейін әр дүйсенбі және сейсенбі күндері сағат 9.00-де «Жанұя» отбасын қолдау орталығында өтеді.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасының шеңберінде Жобалық кеңсе елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап қаланың тарихи-мәдени жерлеріне тегін экскурсия ұйымдастырылады. Экскурсияны әр сәрсенбі сайын кәсіби гидтер жүргізеді. Соның арқасында астаналықтар «Қазақстанның киелі жерлерінің» тізіміне енген 7 нысанды көзбен көріп, тарихымен таныса алады.

Бағдарламаның бағы бір маңызды бағыты «Туған жер» патриоттық сезім мен қайырымдылықты дамытып, тұрғындардың өзінің туған өлкесінің дамуына үлес қосуға баулуға бағытталған. Мәселен, 2019 жылы Астаналық саябақта жаңа «Kunshyaq» инклюзивті алаңы ашылды. Бұл ерекше қажеттілігі бар балаларды физикалық тұрғыда дамыту мақсатында қалалық әкімдік пен «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды. Аталған нысанның құрылысына қоғамдық бірлестікпен 29 млн. теңге бөлінді. Осылайша елордалық кәсіпкерлер Бағдарлама жүктеген міндеттердің маңыздылығын түсіне отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларға көп көңіл бөледі.

Жалпы соңғы 3 жыл ішінде қалада 10-нан астам әлеуметтік маңызды нысан ашылып, қазіргі күні жұмыс істеп тұр. Оның ішінде «Нұрал» балаларды дамыту орталығы, Ботаникалық бақ, Паралимпиадалық жаттығу орталығы, «Үйдегі дәрігер» медициналық орталығы және т.б. бар.

Жоғары қарай