Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елордадағы Канада Елшілігі жанындағы күдікті көлік полицейлерді әбігерге салды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 16:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Канада Елшілігі ғимараты жанында 5 күн бойы иесіз тұрған көліктен күдікті зат табылған жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертеңгі сағат 09:30-да Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жедел басқару орталығына Канада Елшілігі ғимаратының жанында шамамен 5 күн бойы ресейлік нөмірі бар «ВАЗ 21-10» маркалы иесіз көліктің тұрғаны жайында хабарлама түсті. Көлік тұрған жерге шұғыл жедел-тергеу тобы жіберілді. Жүргізілген тексеру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері салоннан құрылысшылардың арнайы киімі мен касканы байқады. Көлікте басқа күдікті зат болған жоқ», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта көлік айыптұрағына жеткізілген. Көліктің иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Көлік, ҚР ІІМ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай