Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр.

«Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», - деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 26 тамызында Мемлекет басшысының Жарлықтармен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылды.



Жоғары қарай