Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Елордадағы өрт: Сәуле Айтпаева зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты

2019 жылдың 2 мамыр 2019 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сенатор Сәуле Айтпаева Нұр-Сұлтандағы өрт салдарынан зардап шеккен балаларға барып, жағдайымен танысты. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша, 2 мамыр күні сағат 10.39-да Байқоңыр ауданындағы Х. Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан бес қабатты жатақхана ғимаратында өрт шықты. Өрттен зардап шеккен 20 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді, олардың ішінде 16 бала бар.

10 бала амбулаторлық ем алып, 6 бала ауруханада қалатын болды. «Балалар ата-аналарымен бірге ауруханада болады және қажетті ем алады», - деді С. Айтпаева.

Жоғары қарай