Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Елордадағы үлестік құрылыс бойынша проблемалы нысандар саны қанша

2019 жылдың 16 шілде 2019 18:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үлестік құрылыс бойынша проблемалы нысандардың басым бөлігі елордада тіркелді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және түрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осындай нысандардың көбісі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Жалпы, 51 нысан тіркелген, соның 12-сіне тұрғындар қоныстанды, яғни бұл үйлер бойынша тиісті шаралар іске асырылуда. Ал қалған 39-ы проблемалы нысан ретінде айқындалды», - деді Б. Қашақов.

Осы орайда ол аталған мәселені шешуге 40 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

«Бұл қаржы елордаға арналған, себебі проблемалы нысандардың негізгі бөлігі осы қалада. Әрине, осындай нысандар басқа да өңірлерде бар, алайда олардың саны өте аз», - деді Бақытжан Қашақов.

Жоғары қарай