Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Елордадан 2 млн текше метрден аса қар шығарылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 23:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қаңтардан 22-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 157 техника бірлігі мен 203 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ал 21 қаңтардағы жағдайға сәйкес қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 146 техника бірлігі мен 1 689 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын. Сол күні барлығы 29 268 текше метр қар сыртқа шығарылды (2 439 рейс).

Айта кетсек, қыс басталғалы бері қала сыртына 2 102 275 текше метр қар шығарылған болатын (175 190 рейс).





Басты сөздер: Әкімдік, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай