Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Елордаға кемінде 20 мектеп салуымыз керек - Білім министрі

2019 жылдың 25 маусым 2019 18:26 620

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға кемінде 20 мектеп салу қажет. Бұл туралы бүгін "Nur Otan" партиясы алаңындағы "2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын" талқылау барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Апатты, үш ауысымды мектептерге қатысты айтар болсақ, бұл ретте мұндай проблеманың сақталып отырғандығын атап өтпей кете алмаймыз. Бір ғана цифр айтуға болады - 130-дан астам мектеп, бұлар 1950 жылға дейін салынған білім ордалары. Сонымен қатар 1980 жылдары салынған 2 900 мектеп те бар. Яғни, жыл сайын тозу орын алып, жаңа мектептер салу мәселесі туындай береді", - деді министр.

Асхат Аймағамбетов еліміздегі демографиялық процестер мектептердің тапшылық мәселесіне де ықпал ететіндігін баса айтты.

"Бұған қоса, демографиялық процестер тарапынан қысымды көріп отырмыз. Тек Нұр-Сұлтан қаласының өзіне жыл сайын 20 мың бала көшіп келеді. Бұл кемінде 20 мектеп салу қажет деген сөз. Біз бұл проблемалардың барлығын білеміз және осы бағытта жұмыс жүргіземіз", - деді ол.

 

 

Жоғары қарай