Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елордаға UNWTO туристік форумының алғашқы делегаттары келді

2019 жылдың 8 қазан 2019 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 9 қазан күні Нұр-Сұлтанда UNWTO-ның «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммиті жұмысын бастайды. Елордаға Тайланд пен Өзбекстаннан алғашқы делегаттар келді. Ауқымды шараға 700-ден астам делегат қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Меймандардың арасында шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері бар.

Бүгін астанаға Бангкок қаласы Тұрақты хатшысының орынбасары Chatchawanit Khachit, Бангкок қаласы стратегия және бағалау департаментінің директоры Сиравсанхан Патан (Тайланд), сондай-ақ, Самарқанд қаласының әкімі Бобурмирзо Облакулов бастаған делегация келді. Қонақтарды қазақы дәстүрмен бауырсақ, қымызбен қарсы алды.







Ертең Нұр-Сұлтанға негізгі қатысушылар келеді, оның ішінде UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили де бар. Жаһандық саммиттің спикері ретінде Pokemon GO ойынының жасаушылары, Куала-Лумпурдің сәулетшілері және тағы басқа қызықты тұлғалар қатысады. Елордада бүгінгі таңда жаңа технологиялар қолданылуда. Мысал ретінде гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік беретін жылы аялдамалар, күн батареялары мен велосипедтерге арналған тұрақты келтіруге болады. Осыған орай, UNWTO-ның «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммитін қабылдайтын Нұр-Сұлтан қаласының таңдауы таңғалдырмайды. UNWTO - 1975 жылдан бастап БҰҰ жүйесіндегі беледі туристік ұйым. Шара қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде еніп жатқан «ақылды қалаларға» арналады. Ақылды қалалардың арқасында экологиялық қалалық инфрақұрылым, қылмыс деңгейін азайту, тұрғындар мен қалаға келетін туристердің өмірі жайлы және қауіпсіз болып отыр. Саммитте ақылды қалалар жиі тап болатын әлеуметтік-экономикалық проблемалар талқыланады деп жоспарланған. Бағдарламада UNWTO академиясы мен Халықаралық конгресстер және конференциялар (ICCA) қауымдастығы ұйымдастырған кездесу индустриясы бойынша шеберлік сағаттары бар.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Туризм,
Жоғары қарай