Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елордалық көпбалалы аналардың талап-тілектеріне қатысты еңбек министрлігі жауап берді

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 23:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Министрліктер үйінің алдына жиналған бір топ көпбалалы аналардың қарсылығына қатысты министрлік түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда министрлік «Жол картасы» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға арналған кешенді жобаны қарастыруда. Өткен аптада сол мәселе бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен және баспанамен қамту мәселелері бар. Жақын уақытта тағы да жауапты ұйымдардың отырысын ұйымдастырып, қалыптасқан жағдай бойынша қандай шешім қарастыру керектігін ойластырамыз. Ал атаулы әлеуметтік көмекке келсек, бұл жоба сәтті жүзеге асырылуда. Ендігі уақытта АӘК-ті одан әрі жетілдіру міндеті тұр. Аналардың талаптары мен өтініштері әртүрлі, біреуге үй керек болса, екіншісіне жұмыс керек және тағы басқа. Сондықтан бұл мәселе әкімдік пен басқа да құзырлы органдармен бірлесе отырып жүйелі түрде шешуді талап етеді», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов.

Одан бөлек, вице-министр жұмыссыз аналарды еңбекпен қамту мәселесіне қатысты анықтама берді.


Жоғары қарай