Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордалық оқушылар арасында халықаралық білім сайысы өтті

2019 жылдың 29 наурыз 2019 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «WORLD SCHOLAR'S CUP ASTANA ROUND» атты жасөспірімдер арасында халықаралық білім сайысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты «Spectrum» халықаралық мектебі бұл жарысты биыл 5-ші рет өз базасында өткізді. Биыл оған 652 оқушы қатысты, соның ішінде Қазақстаннан бөлек бірқатар шет елдерден, атап айтқанда Қырғызстан мен Сербиядан келгендер бар. Екікүндік сайыс барысында оқушылар дебат, эссе жазу, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты жарыс түрлеріне қатысып, бақ сынаған.




null«WORLD SCHOLAR'S CUP» сайысының мақсаты - жасөспірімдердің қабілеттеріне жол ашу, бойындағы дарынын іс жүзінде қолдану арқылы білім мазмұнын жаңарту, жалпы білім деңгейін, ой-өрісін және зияткерлік деңгейін арттыру.

Айта кетерлік маңызды жаңалықтың бірі ағымдағы жылы 8-13 шілде аралығында WORLD SCHOLAR'S CUP GLOBAL ROUND кезеңі де Қазақстанда өтеді. Бұл сайыс әлемнің 5 елінде өтеді. Соның бірі Қазақстан болып, ол жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-ға тарта оқушы қатысады деп жоспарланған.


null

«Былтыр GLOBAL ROUND кезеңіне біздің оқушыларымыз Куала-Лумпурға барған болатын. Биыл өз елімізде өтетін болады. GLOBAL ROUND кезеңінен өткен оқушылар АҚШ-тағы Йель университетінде финалға қатысады», - делінген баспасөз баянында.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай