Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Елордалық ТЖД өрт кезінде тұрғындардың қалай құтқарылғаны жөнінде видео жариялады

2019 жылдың 19 тамыз 2019 02:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық құтқарушылар өрт сөндіру кезінде 5 адамды құтқарды, оның біреуі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД-ның Facebook-тегі парақшасында бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде адамдардың қалай құтқарылғаны жөнінде видео жариялады.

«Елордалық өрт сөндірушілер жалынды сөндіру кезінде 5 адамды құтқарды, оның біреу бала. Өрт сөндірушілер оларды бетперде кигізіп, сыртқа шығарды. Олар қалың әрі улы түтін басып кеткендіктен пәтерден шыға алмай қалған. Бес қабатты тұрғын үйде электр қалқаны кешкі сағат 10-дарда тұтана бастаған. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға болған жерге жылдам келіп жетті, жедел қимылдың және ұйымдасқан әрекеттің арқасында өрт толығымен сөндірілді», делінген хабарламада.

Жоғары қарай