Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Елордалықтар шұғыл шешуді қажет ететін түйткілдерге дауыс беріп жатыр

2019 жылдың 5 маусым 2019 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімінің орынбасары Асқар Амрин Facebook-тегі жеке парақшасында елорда тұрғындарына үндеу тастап, «Қалалық даму акселераторы» бастамасына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қалалық даму акселераторының іске қосылатыны жөнінде жариялады. Менің құзіретіме оның жұмысын үйлестіру кіреді», - дейді әкім орынбасары.

Қалалық акселератордың басты қағидалары: қала тұрғындары мен елорданың кәсіби қауымдастықтарын жұмылдыру; шешімдерді артық бюрократиясыз іске асыру мүмкіндігі; қаланың өзекті түйткілдерінің ерекше шешімдері; аз шығындалып, 100 күн ішінде елеулі нәтижеге қол жеткізу.

«Қаламыздың тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын елорданың барлық тұрғындарына үндеу тастаймын: біздің қаламыз - біздің үйіміз! Елорданың жанашыр тұрғындары мен қонақтарын, сонымен қатар кәсіби қауымдастықтарды күш біріктіріп, қаламызды өзгерту, жақсарту және көркейту үшін #100daychallenge үндеуіне қосылуға шақырамын. Барлық бастамалар мен ерекше тәсілдер назарға алынады. Біз сіздердің идеяларыңызды тыңдап қана қоймай, бірінші кезекте өзіміз жақсы жағына өзгеріп, түпкі нәтижеге қол жеткізу үшін жаңа беталысқа ілесуге дайынбыз. Сондықтан Қалалық акселераторды» іске қосудың бірінші кезеңінде 10 түйткілді мәселені шешіп, іске асыру үшін сізден онлайн дауыс беруге (сілтеме https://docs.google.com/.../1FAIpQLSfchqLH-61J8vVt-F.../viewform) қатысуды сұраймыз», - деді А.Амрин.

Оның айтуынша, тұрғындардан күнделікті келіп түсетін шағым-өтініштердің негізінде iKOMEK109 (Astana 109) орталығы қаланың 48 жүйелі түйткілін анықтады. Осы орайда, «Қалалық акселераторды» іске қосудың бірінші кезеңі аясында жылдам шешуді талап ететін 20 жүйелі түйткіл белгіленді. Елордалықтар дауыс беру арқылы оның арасынан 10 мәселені таңдап алуы тиіс: қаңғыбас жануарлар мәселесі; ашық қалған электр өткізгіштерді жою; полиция мен жекеменшік күзет ұйымдары арасында «қауіпті тұлғалар туралы» бірыңғай дерекқордың жоқтығы; қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан қалалық ортаға қойылатын бірыңғай талаптардың және қауіпсіздің инфрақұрылымының озық дамуы бойынша жоспарлардың жоқтығы; құдық қақпақтарының жоқтығы; өртке қарсы қызметтердің қолданыстағы инфрақұрылымын тексеруі (депо, техника, гидранттар); қылмыстарды болжау және әлеуетті қауіпті тұлғаларды анықтаудың бағдарламалық кешендерін дамыту; медперсоналдың біліксіздігі; медициналық мекемелердегі кезектер; персоналды тиімсіз бөлу есебінен МСАК-тағы кадрлық тапшылық; қар/мұздақтарды уақытында жинамау, ПИК-тің жосықсыз жұмысы; абаттандырылған автобус аялдамаларының жетіспеушілігі; масаларды жою; көшелерді су басуы; мектеп/мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің қанағаттанарлықсыз жұмысы; балабақша кезегі (айқын емес); сұйық тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз төгу; газды дұрыс пайдаланбау (газ баллондарды заңсыз/заңды пайдалану, тұрғын үйлердегі газ иісі); көгалдандыруға жұмсалатын шығынды қысқарта отырып, қалалық алаптарды көгалдандыру; іс-шаралардың аздығы.

Жоғары қарай