Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Елорданың әлеуметтік қызметкерлеріне МӘМС пен АӘК-тің жаңа форматы түсіндірілді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінің бірқатар басқармалары атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік қызметкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, қалалық білім беру мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Жиын барысында халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды мәселелері, сондай-ақ АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек көрсету жайлы ақпарат берілді», - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінен.





Еске салсақ, ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа басталды. Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, тұрақты жалақы төлеу және оларды өмірдің қиын жағдайынан шығару. Сондай-ақ, осы жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі де іске қосылды. МӘМС жүйесіне тіркелмеген ел азаматтары ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін сақтандыру жүйесіне тіркелу қажеттігін айта кеткен жөн.


Жоғары қарай