Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Елжан Біртанов авиациялық жедел жәрдем орталығының жұмысымен танысты

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елжан Біртанов Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық ғылыми кардиология орталығында ем алып жатқан науқастардың жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов авиациялық жедел жәрдем орталығында болып, авиациялық апаттан кейін травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында интенсивті терапияда жатқан және Ұлттық кардиология орталығында ауыр жағдайда жатқан науқастардың жағдайымен жеке танысты», - делінген хабарламада.

Министр бірінші Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына барып, 1-2 қаңтардағы жедел жәрдем жұмысымен танысты.

«Диспетчерлік және ситуациялық орталықтың жұмысын орталық басшысы Біржан Оспанов таныстырды. Біржан Оспановтың айтуынша, 1 қаңтардан 2 қаңтарға дейін жедел жәрдем қызметі науқастарды тасымалдау үшін 4 рейс ұшқан, оның ішінде: 2 бала, жүкті әйел және көп жарақат алған науқас», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осы уақыт ішінде әуе қозғалысын басқару қызметіне 17 өтініш келіп түскен.

«Бүгін тағы бір жоспарлы жедел жәрдем ұшағы Қостанай қаласынан жаңа туған нәрестені Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына жөнелтпек», - дейді орталық басшысы.

Өз кезегінде Елжан Біртанов барлық тасымалданған науқастардың жағдайын сұрады.

Өңірлерде медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру үшін аудандық деңгейдегі барлық ауруханаларды ұлттық телемедициналық желіге қосу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Министр Ұлттық кардиология орталығының жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарды да қарап шықты. Жалпы алғанда ауруханада 71 пациент бар, оның ішінде 7 ересек адам және 12 бала реанимация бөлімінде жүрек патологиясы бойынша жатыр», - делінген хабарламада.

Юрий Пяның айтуынша, барлық науқас бақылауда, дәрігерлер штаттық режимде жұмыс істеуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін министр елордадағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында болып, Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен адамның жағдайын білген еді. Айта кету керек, ұшақ апатынан зардап шеккендердің барлығына қажетті ем-дом көрсетілген. Оған республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының үздік мамандары тартылған.








Жоғары қарай