Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Emirates» әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейс ашады

2019 жылдың 24 мамыр 2019 10:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Emirates» әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласының және «Астана» халықаралық қаржы орталығының көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тұрақты әуе қатынасын 4 әуе компания («Эйр Астана», «Этихад», «Fly Dubai», «Air Arabia») жүзеге асырып келеді. Қазақстандық авиакомпания аптасына 12 рет Нұр-Сұлтан, Алматы және Дубаи қалалары арасында ұшуларды орындайды. БАӘ компанияларының ұшақтары Әбу-Даби, Дубай, Шарджа және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары арасында аптасына 16 рет қызмет көрсетеді. Екі ел арасында аптасына 28 рейс орындалады", - делінген таратылған ақпаратта.


null

Ведомство ақпаратына сəйкес, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация Комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Жабермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

"Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің авиациялық билік органдарының арасында екіжақты кеңестер өткізу мүмкіндігі, сондай-ақ «Emirates» әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Екі ел арасындағы әуе қатынасын әрі қарай кеңейту елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ туризмді табысты дамытуға ықпал етеді", - деді комитеттен.

Жоғары қарай