Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Ең бастысы - еңбекқорлық және амбиция: IT-компанияда қалай табысқа жетуге болады

2019 жылдың 17 маусым 2019 12:39 776

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - RabotaNur.kz job-сервисінің сату жөніндегі аға менеджері Евгения Бухинская  NUR.KZ IT-компаниясындағы өзінің жетістіктері туралы айтып берді.   

- Бала кезде биолог болуды армандаушы едім. Менің анам мұғалім, сондықтан ерте жастан микроскоптар мен пробиркалардың арасында өстім. Мен физика пәнін тереңдетіп оқытатын физика-математикалық лицейде оқыдым. Жоғарғы оқу орнын да осы бағыт бойынша таңдадым. Яғни, Алматы энергетика және байланыс университетне түстім. Мен жауапкершілік дегеннің не екенін осы университетте жүріп жете түсіндім десе болады. Университет қабырғасында білім ала жүріп, адамдарды, жалпы айналамдағы дүниелерді дұрыс тани бастадым. Өзімнің алған бағытым, болашақта жұмыс істейтін мамандығым турасында да көп ойландым. 4-ші курста оқып жүргенде бұл менің мамандығым емес екенін түсіндім. Маған адамдармен қарым-қатынас, әсіресе ашық қарым-қатынас аса қажет еді. Сөйтіп, оқуымды бітірген соң сату жөніндегі менеджер қызметі бойынша бос жұмыс орындарын іздей бастадым. Өйткені дәл осы мамандық диалог жүргізуге негізделген. Сонда мен алғаш рет RabotaNur.kz job-сервисі туралы білдім. NUR.KZ IT-компаниясына өтініш жіберіп, жауап алдым. Мен пікірлесудің бірнеше кезеңінен өттім, біраз толқыдым, бірақ қызықты болды. Мен осы компанияда 2,5 жылдан бері жұмыс істеп келемін. 

null 

- Үміткерлерді таңдауда қандай талаптар қояды екен

- Пікірлесу кезінде команданың әртүрлі мүшелерімен кездесесің. Олар жұмысқа және оқуға, қызығушылықтарыңа, жетістіктеріңе және болашаққа   мақсаттарыңа байланысты сұрақтар қояды. Кандидат қандай позицияға келгенін, жай ғана сценарий бойынша сөйлесетін call-орталыққа емес, сату саласына келгенін түсінуі тиіс.

Жұмыс беруші танысу кезінде назар аударатын бірнеше критерий бар: мектеп пен университетте оқу тарихы, немен әуестенеді, өмірдегі мақсаты не, күйзеліске төзімділік, сауатты сөйлеу және жазу мен жауапкершілік. Сіздің жетекшіңіз өмірдің түрлі салаларында қол жеткізген жетістіктеріңізді де бағалайды. Мен, мысалы, мектепте математикадан олимпиадаға қатыстым және қалалық, республикалық  шараларда жүлделі орындарға ие болдым. Өмірімдегі есте қаларлық оқиғалардың бірі Францияда өткен шара болатын. Мен оған «Көбелектің әсері» бойынша үлкен зерттеу жобасын дайындап, соны таныстырдым. Менің компанияға келгенде сату ісі бойынша тәжірибем болған жоқ еді, бірақ ынта-жігерім бар болатын. Оның үстіне осы мамандық арқылы өсу және пайда табу да менің мақсатыма жетуіме демеу болды дей алам.  Мықты сатушы болуы үшін сіздің жұмыс істеуге деген ынта-жігеріңіз, кез-келген істі атқаруға дайындығыңыз қажет. Сіз алдыға дұрыс мақсат қойып, оған жетуге мүмкіндік беретін дүниелерді дамыта отырып, атқарған ісіңізден нақты нәтиже шырғара білуіңіз керек. Бұл жерде сіздің қаншалықты дарынды адам екеніңіз аса маңызды емес. 

null 

- IT-компаниядағы сату менеджерінің мінсіз бейнесін қалай елестетесіз?

- Менеджерлер күн сайын адамдармен байланысады. Клиенттермен бетпе - бет кездескен жағдайда, сіз оны сыртқы келбетіңізбен баурай аласыз, ал телефон арқылы сөйлескен кезде сізде тек бір козырь болады, ол сіздің  дауысыңыз. Клиентті көзбен көрмей тұрып-ақ қызықтыра алсаңыз, табысқа жетесіз. Біздің клиенттеріміздің көпшілігі - HR-менеджерлер мен компания басшылары және әрқайсысымен тіл табыса алу керек. Біз жұмыс берушілердің компаниясына жақсы адамдарды табуға әрдайым шын жүректен көмектескіміз келеді.

Мінсіз менеджердің еңбекқорлығы пен амбициясы болуы керек. Адамның өз алдына мақсат қойып, оған қол жеткізе алуы маңызды.

Біздің ұжымда жастар өте көп. Біз оқуға және жаңа мақсаттарға қол жеткізуге дайынбыз. Жас қызметкерлер - бұл тұрақты креатив. «Y ұрпағы» ештеңеден қорықпайды. Менің әріптестерім болашаққа үлкен үмітпен қарайды және өз идеяларына сенеді.

RabotaNur.kz job-сервис базасында 1.8 млн астам түйіндеме, 51 мың тіркелген жұмыс беруші компаниялар бар. Сіз RabotaNur.kz сайтында арманыңыздағы жұмысты 22 мың ұсыныстың арасынан таба аласыз.

Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер үшін Android платформаларында қолжетімді мобильді қосымша ұсынылған.

null 

 

 

Жоғары қарай