Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Еңбек құлдығы: Қарағанды облысындағы барлық фермалар тексеріледі

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 22:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов еңбек құлдығы мәселелері бойынша «жедел желі» құруды тапсырды. Оған құрбандардың өздері, олардың жақындары мен туысқандары да жүгіне алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.

«Облыс тұрғыны бірнеше жыл бойы оны құлдықта ұстағанын мәлім етті. Оқиға жөнінде барлық БАҚ жариялады. Бұл - масқара. ХХІ ғасыр, ал біздің жерлестеріміз осындай жағдайларға тап болады. Ал полицияға хабарласса, немқұрайлықпен бетпе-бет кездеседі. Ол аздай, полицейлер фермерлердің осындай деректерін жасырады деуге болады», - деді Ерлан Қошанов.
Ол Полиция департаментінен жағдайды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті.
Өңір басшысы барлық фермерлік шаруашылықтарды онда кімдердің жұмыс істейтінін және қандай жағдайда жүргенін тексеру қажеттігін атап өтті. «Жақын арада «жедел желі» ашылуы тиіс. Оның жұмысына ҮЕҰ мен әлеуметтік қорғау қызметін тарту керек», - деді ол.
Облыс әкімі бұл жұмыс шұғыл жағдайларда ғана емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиістігін қадап айтты. Бұл мәселеге орынбасары Серік Шайдаровты жауапты етіп белгіледі. Тапсырмалардың орындалуы туралы алғашқы есеп қыркүйек айының соңында дайын болуы тиіс.


Жоғары қарай