Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Еңбек министрі: Отағасы жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасына АӘК төленбейді

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 14:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдан бастап жұмысқа тұрудан бас тартқан азаматтардың тұтас отбасына Атаулы әлеуметтік көмек төленбейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Егер де осы АӘК тағайындалған отбасында еңбекке жарамды азаматтар болса, ол кісілерді біз жұмыспен қамту шараларына тартамыз. Өз кезегінде ол адам келіседі де, сөйтіп, әлеуметтік шарт жасалады, яғни бұл бұрыннан бар тәртіп. Алайда Атаулы әлеуметтік көмекті алып жүріп, ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда, бүгінде тек еңбекке қабілетті адамға ғана қатысты әлеуметтік көмек тоқтатылған болатын. Ал енді еңбекке жарамды адам жұмыстан бас тарса, онда жаңа жылдан АӘК бүкіл отбасыға тоқтатылады. Осы орайда, еңбекке жарамды отағасының жауапкершілігін арттырамыз. Балалардың әкесіне, яғни тепсе темір үзетін жігітке жұмыс ұсынамыз. Жұмысқа бармаса, АӘК-тен бүкіл отбасы айырылады», - деп түсіндірді министр Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға тағайындалады.

Осы орайда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда.

Жоғары қарай