Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Еңбек министрлігінің сайтында виртуалды консультант қызметі іске қосылды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 23:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу туралы сұрақтарға жауап алғысы келетін қазақстандықтар үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында «Виртуалды консультант» атты жаңа сервис іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Онлайн режімде консультация алу үшін enbek.gov.kz веб-сайтына кіру жеткілікті, мұнда төменгі оң жақ бұрышта консультанттың белгішесі көрінеді, оны басқан кезде министрліктің қызметтері туралы сұрақтарға жауап беріледі», делінген хабарламада.

Мысалы, мәзірден «жұмыспен қамту» бөлімін таңдап, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу және басқа да қызметтер бойынша консультация алуға болады.

Осыған ұқсас консультант электрондық еңбек биржасының сайтында және @enbek_bot мекенжайы бойынша Telegram-да қолжетімді.

Бұл қызметті әзірлеу үшін сұрақтарды нейрондық желілер арқылы қарапайым тілде алуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы талдау технологиясы қолданылды.


Жоғары қарай