Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі СҚО-да жүр

2019 жылдың 15 маусым 2019 21:59 824

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Ақжар, Тайынша, Аққайың, Жұмабаев аудандарында және Петропавлда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жұмыс күші мол өңірлерден қоныс аударғандарға салынып жатқан үйлердің құрылысын көрді. Ілкі жоба 2019-2021 жылдарға арналған өңірді кешенді дамыту жоспарына енген.

СҚО Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Бірінші вице-министр бұдан басқа «Бастау» курсынан өтіп, мемлекеттік бағдарлама аясында өз ісін дамытуға жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкерлермен кездесті.

Ержан Жылқыбаев аудандардағы Халықты жұмыспен қамту орталықтарында болып, көпбалалы аналармен, атаулы әлеуметтік көмек алушылармен және жұмыс күші артылған өңірлерден көшіп келушілермен кездесті. Оларға мемлекеттік қолдаудың сапалы және дер кезінде көрсетілу мәселелеріне мән берді.

Петропавл қаласында Бірінші вице-министр Халықты жұмыспен қамту орталығын аралап, Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналып салынған жатақханада болды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардан өтіп, тәжірибе жинақтап жүрген және түлектері еңбек ететін «Сакирко» жеке кәсіпкерлігінің тігін фабрикасын, «Радуга» ЖШС-нің өндірістік нысандарын аралады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тұрғындармен кездесу барысында халықты әлеуметтік қорғау және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруда министрліктің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. 

 

 

Жоғары қарай