Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Энергетика министрлігі газ экспортының төмендеу себебін атады

2019 жылдың 12 қараша 2019 11:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 айында Қазақстанның газ экспорты көлемі төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылдың 10 айы ішінде газ өндіру көлемі 46,3 млрд текше метрді құрады. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 1,5 және 10 айдың жоспарынан 2,8 пайыз артық», - деді ол.

Оның дерегінше, тауарлық газ өндіру көлемі 27,12 млрд текше метр болды. Бұл 2018 жылдың 10 айындағы көрсеткіштің 98,6 пайызына тең. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,8 млрд текше метрді құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

«Газ экспорты 15,3 млрд текше метр немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 91,1 пайызды құрап отыр. Экспорт көлемінің төмендеуі газды ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты болды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,6 млн тоннаны құрады», - деді бірінші вице-министр.

Жоғары қарай