Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Энергия өндіретін кәсіпорындардың қарызы қанша

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 11:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына энергия өндіретін кәсіпорындар 6,6 млрд теңге қарыз. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергия өндіретін кәсіпорындардың «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы алдындағы борышы проблема болып отыр. Жыл сайын 5-7 млрд теңге борыш болып қалады. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» сынды кәсіпорындардың қарыздары бар. Бірақ, тиісті кесте жасалған, әкімшілікте бақылауда ұстап отыр. Дегенмен, бұл кәсіпорындардың алдында жылуды сатып алатын тұтынушылардың да қарызы бар. Осыған қарамастан бұл мекемелер газбен қамтамасыз етілген. Проблема болмайды», - деді вице-министр.

Энергетика министрлігі ұсынған дерекке сәйкес, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ, «Өзен жылу» МКК, «Ақтөбе ЖЭС», «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК сынды мекемелердің «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы алдындағы жалпы борышы бүгінгі күні 6,6 млрд теңгені құрап отыр.

Көмір бйоынгша да 3-4 мекеменің қарызы бар. Бірақ миллиардтаған айналымы бармекемелерге 30-40, 60 млн теңге борыш үлкен қаражат емес. Ол жабылады, кестелері бар. Бірақ, біз де оны айтуға міндеттіміз. Әкімдіктермен бірлесіп, бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені, «Богатырь көмір» ЖШС көмірді өндіру, жұмысшыларға жалақы беру үшін қаражат керек. Мұнан бөлек жөндеу жұмыстары бар», - деді Сұңғат Есімханов.


Жоғары қарай