Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ербол Нұрғалиев Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болды

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ербол Нұрғалиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заңгерлік университетін, 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысының Жарма ауданында Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады.

2002 жылы ШҚО Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды.

2011 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2015 жылы желтоқсанда Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы болып еңбек етті. 2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың қараша айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.


Жоғары қарай