Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ерке Есмахан, Әли Оқапов есірткіге қарсы роликтерге түсті

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы роликтер желісін шығарды, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің алдын алуда жастар арасындағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, денсаулыққа құндылықты көзқарас қалыптастыру, нашақорлық проблемасына назар аударту мақсатында Ішкі істер министрлігі «Свободные люди» қауымдастықты дамыту қорымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы нашақорлықтың алдын-алу бағдарламасы аясында ата-аналарға арналған «Балаңызды сүюге үйретіңіз, сонда ол есірткіден алшақ болады», «Шамадан тыс жұмыс», «Балаңызды сезінуге үйретіңіз, сонда ол есірткіден алшақ болады», «Бақылау» және «Еркіне жіберу» атты бейнероликтер топтамасын түсіруді аяқтады», - делінген ведомство мәліметінде.


Министрлік ақпаратына сәйкес, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Ерке Есмахан, Әли Оқапов және «Екеу» тобы нашақорлық проблемасына бей-жай қарамай өз пікірлерін білдірген. Бейнероликтер елдің телеарналарында және «Чаплин» кинотеатры желісінде көрсетіледі. Сонымен қатар роликтер ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің «Наркотикам Нет» YOU TUBE арнасында орналастырылған.



Жоғары қарай