Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Еркін күрес шеберлері кадеттер арасындағы әлем чемпионатынан екі медаль еншіледі

2019 жылдың 4 тамыз 2019 05:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық еркін күрес шеберлері екі мәрте тұғырға көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

51 келіде белдескен Жахонгир Ахмаджанов күміс жүлдегер атанды.

Ол финалда ресейлік Магомед-Тагир Ханиевтен ұтылған.

Ал 92 келіде күрескен Бекзат Тәжі әлемдік сынның қола жүлдесін жеңіп алды.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай