Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Еркін күрестен Гран-при турнирі: Ел намысын кімдер қорғайды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23-26 қаңтар күндері Ресейдің Краснояр қаласында еркін күрестен «Иван Ярыгин-2020» дәстүрлі Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен, 31-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық додада қазақстандық балуандар да бақ сынамақ. Ярыгин турнирінде ел намысын еркін күрес шеберлерінен 9 салмақта 19 балуан қорғаса, әйелдер күресінен 10 салмақ санатында 20 балуан сынға түспек.

Олар:

Еркін күрес:

57 келі: Расул Қалиев, Жавохир Ирстаев, Дәулет Теміржанов, Абзал Өкенов

61 келі: Владимир Кудрин, Әділ Оспанов

65 келі: Рифат Сайбаталов, Тимур Айтқұлов, Тимур Шанбаев

70 келі: Айдын Тәжіғали

74 келі: Нұрқожа Қайпанов, Тілек Қабыкенов

86 келі: Байболсын Құрманбеков

92 келі: Абдуманап Байгенжеев

97 келі: Серік Бахытханов

125 келі: Іңкәр Ермұхамбет, Дмитрий Попов, Олег Болтин, Расул Хатаев

Әйелдер күресінен жарысқа қатысатын қазақстандық спортшылар:

50 келі: Светлана Анкичева, Эллада Махяддинова

53 келі: Жұлдыз Эшимова, Марина Седнева

55 келі: Марина Зуева, Зульфия Яхиярова

57 келі: Эмма Тисина, Алтынай Сатылған, Назгүл Нұрахан

59 келі: Мадина Бақбергенова, Назира Аманжолова

62 келі: Ирина Кузнецова, Аяулым Қасымова

65 келі: Гаухар Мұқатай

68 келі: Ирина Казюлина, Альбина Қайыргельдинова, Екатерина Ларионова

72 келі: Жәмиля Бақбергенова, А.Зайцева

76 келі: Гүлмарал Еркебаева.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай