Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Ерлан Тұрғымбаев ауыл мектебінде интерактивті сабаққа қатысты

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 17:09

ҚЫЗЫЛЖАР. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысының Целиноград ауданы Қызылжар ауылындағы орта мектепке барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қыркүйекке орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Ерлан Тұрғымбаев Білім күні – әрбір қазақстандық үшін де, бүкіл мемлекет үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық білім жүйесі тұрақты түрде жоғары нәтижені көрсетіп келеді.

«Жаңа оқу жылы әрбір оқушы мен ұстаз үшін табысты болсын деген тілектемін. Әрбіріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Өз күштеріңіз мен білімдеріңізге сеніңіздер. Сол кезде сіздерге сәттілік серік болады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қызылжардағы орта мектеп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2014 жылы есігін айқара ашқан болатын. 300 оқушыға арналған білім ордасы дәл бүгін 36 баланы қабылдады.

Салтанатты жиында министрмен бірге оқушыларды орта мектептің директоры Бауыржан Қамиев құттықтады.

Шарадан кейін Ерлан Тұрғымбаев мектептің сыныптарын аралап шықты. ІІМ басшысы информатика кабинетін, еңбек пен технология сыныбын көрді. Ал оқушылар мейманға өз қолымен жасалған сыйлықтарды табыс етті. Осыдан кейін ведомство басшысы интерактивті сабаққа қатысты. Сабақ тақырыбы жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты болды. Жиын соңында министр білім ордасына «Сен білесің бе?» энциклопедиясын сыйға тартты.





Жоғары қарай