Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Ерлан Тұрғымбаев: Бас прокуратураға түскен шағымды ІІМ қарап жатыр

2019 жылдың 18 қараша 2019 11:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратураға бір азаматтан шағым түсті. Ол шағымында өзіне қатысты тергеу барысында Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Кексельдің тарапынан түсінік беру бөлігінде тергеуге жатпайтын әдісті қолданғанын айтқан»,- деді ҚР Ішкі істер министрі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, аталған шағым тергеу үшін Ішкі істер министрлігіне берілген.

«Қазіргі уақытта Тергеу департаменті тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кексельге айып тағылған жоқ, бұлтартпау шарасы да қолданылмады. Ол тергеу амалдарынан жасырынып жүрген жоқ», - деді Е.Тұрғымбаев.

Жоғары қарай