Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Ермек Маржықпаев: Өмір сүру сапасын арттыру – басты міндет

2019 жылдың 16 шілде 2019 18:54

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді талқылау бойынша өткен облыс активі жиналысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жиында облыс әкімі өңірдегі бірінші жартыжылдықта халықтың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«5 600 жұмыс беруші ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың айлығын 15-40 пайызға арттырды. Бұл яғни, кәсіпорындардағы 39 мың жұмысшы. Жалпы, бюджет мекемелеріндегі төмен еңбекақы алатын 32 мың жұмысшының айлығы орташа 35 пайызға өсті. Маусымның 1-нен бастап, бюджеттік мекемеде еңбек ететін 56 мың жұмысшының еңбекақысы 30 пайызға көтерілді», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, облыста баспанамен қамту, ауыл және қала инфрақұрылымын дамыту мәселелері біртіндеп шешіліп жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі 35 тұрғын үйдің салынып жатыр. 2019 жылы 5 мыңнан астам пәтер құрылысы аяқталуы тиіс болса, қазір олардың 2,3 мыңнан астамы пайдалануға берілген.

«Биылғы жылы халықты әлеуметтік жағынан осал топтарына жалдамалы пәтер қорынан 526 пәтер бөлу жоспарланған болса, қазір көпбалалы және өзге санаттағы барлығы 195 отбасы баспаналы болды», деп түйіндеді аймақ басшысы.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Әкім,
Жоғары қарай