Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

«Ертіс» футбол клубы ел біріншілігін бас бапкерсіз бастады

2019 жылдың 9 наурыз 2019 13:25 915

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров Қазақстан чемпионатының «Тобылға» қарсы өтетін 1-тур ойынына барған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Болгариялық маман сырқатына байланысты Павлодарда қалуға мәжбүр болды. Тұмаумен ауырған бапкер командасымен Қостанайға бара алған жоқ. «Тобылға» қарсы сырт алаңда өтетін ойында оның орнына көмекшілері Георгий Чиликов пен Петар Колев командаға жетекшілік етеді. Айтпақшы, Чиликов Қостанаймен жақсы таныс деуге болады. Ол 2009 жылғы чемпионаттың алғашқы айналымын қостанайлық ұжым сапында өткізген болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан чемпионаттарының 28-маусымы басталады. Қостанайдағы жаңа «Тобыл Арена» стадионында алаң иелері «Ертісті» қабылдайды. Ойын Астана уақытымен 17:00-де басталады.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай