Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Ертіс өңірі фермерлері азық-түлік жәрмеңкесіне 110 тонна өнім әкелді

2019 жылдың 1 мамыр 2019 13:09 877

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен арзан ет, сүт, ірімшік, көкөніс, бал, жұмыртқа және өзге де азық-түлік өнімдерін сатып алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

«Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фермерлердің 110 тонна өнімі саудаланатын дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков.- Бүгін оңтүстік өңірлерден әкелінген қырыққабатты келісіне 190 теңгеге қойдық. Түркістан облысында биыл қырыққабаттың бірінші легі жиналды. Осыған байланысты, бұл көкөністің және пияздың бағасы бізде түсе бастайды».

Жәрмеңкеге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та келіп қатысты. Әкім ет, қызанақ пен қырыққабаттың бағасын сұрады. Өңір басшысы Шарлақ жеміс тәлімбағының өніміне назар аударды. Омбылықтар Павлодардағы жәрмеңкеге екі мыңнан астам алма, алмұрт, алша, өрік, қарақат, таңқурай, бөріжидек бұтақтарын ала келген.


null 

«Тәлімбақ Омбы облысының Большой Атмас ауылында орналасқан. Барлық көшет Сібір климатына бейімделген, 40 градус аязға төзеді. Қазақстан аудандарын жиі аралаймыз. Көшеттерімізді Тереңкөл мен Железин аудандарында сатып алады», - дейді омбылық тәлімбақ сатушысы Татьяна Баранова.

Облыс әкімі Омбыдан келген көршілер өз тауарын тек ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде ғана емес, басқа да уақытта саудалағаны жақсы болар еді деген пікірін білдірді. Жалпы алғанда жәрмеңкеге қаланың бірнеше мың тұрғыны келді.

Мәселен, Лариса мен Юлия Разговорова Диспетчер ауданында тұрады және жәрмеңкеге әрбір сенбі сайын келіп тұрады. Бүгін де Разговоровалар сауда орнынан екі үлкен дорба азық-түлік алып кетті.


null 

«Етті 900 теңгеден сатып алдық, біздің ауданда шошқа етінің әрбір келісі 1200-1400 теңге тұрады, - дейді Юлия. - Тағы сүт, ірімшік, май, картоп, жаңа піскен нан сатып алдық. Тауар сапасы жақсы. Жәрмеңкенің орналасуы біздер үшін өте ыңғайлы: барлығын арбаға тиеп, жақын жерде тұрған аялдамадан 27-інші автобуспен үйімізге жетеміз».

Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері айтқандай, 4 мамыр - жұмыс күні болуы себепті, сол күні жәрмеңке өткізілмейді. Келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 11 мамырда өтеді.



null 

null 

 

Жоғары қарай