Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Есентүгел Елеукен: Елбасының өкілеттігін тоқтатуы - тарихи шешім

2019 жылдың 19 наурыз 2019 23:20

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Президенттік өкілеттігін тоқтатуы тарихи шешім болды. Мұндай пікірді «Тамаша» телеарнасы директоры Есентүгел Елеукен білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының тәуелсіз Қазақстанға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екендігін жақсы білеміз. Бірақ бұл жолы президенттік өкілеттігін доғару үшін жайдан-жай шешім қабылдай салған жоқ. Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде де әрбір қазақстандықтың жүрегін елжіретер ұлағатты сөздер айтты. Жалпы, ең басты байлығымыз - Тәуелсіздігіміз. Қалғаны бос сөз. Осы Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, өсіп-өркендеген елдердің қатарына қосылу жолында тынбай еңбек етуіміз керек», - деді Есентүгел Елеукен.

«Тамаша» телеарнасының директоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты тұлға ретінде жоғары бағалап, құрметтейтіндігін атап өтті.

«Кезінде өзім де үлкен ұжым басқардым, оңай емес екендігін жақсы білемін. Біреудің көңілінен шығуың керек, енді біріне ұрсып та жатасың. Ал бүкіл елді басқарып отырған азаматтың биліктен өз еркімен бас тартуы тарихи шешім екендігінде дау жоқ. Енді даурықпай, артық-ауыс әңгімеге жол бермей, ұраны бір, өркениетке бастар жолы ортақ ел ретінде Елбасының барлық бастамаларын одан әрі жалғастыруымыз қажет», - деді ол.

Жоғары қарай