Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Есірткі өткізушілер Ақтауға «синтетика» жеткізілімін ұйымдастыруға тырысқан

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 13:55

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында екі апталық шұғыл іс-шара нәтижесінде Ақтау қаласы аумағына мефедрон синтетикалық есірткісін жеткізу арнасына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласына аталған есірткіні жеткізу туралы мәлімет алынғаннан кейін жалға алынған пәтерде қолдарында жалпы салмағы 96 грамм есірткі партиясы бар Қазақстанның екі әйел азаматы ұсталды. Жауап алу барысында қыздар есірткі өткізу нарығын зерделеу және көтерме саудаға сатып алушыларды іздестіру үшін Ақтауға келгені анықталды.

Бұдан кейін жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде сол жалдамалы пәтерде тағы екі «гастролер» ұсталды. Мефедронның тағы бір партиясын өткізу үшін Ақтау қаласына келген олардан 392 грамм синтетикалық есірткі алынды.

Ұсталғандарға қатысты қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу» сотқа дейінгі өндіріс басталды. Жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.


Жоғары қарай