Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ескендір Харсан Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ескендір Харсан (6-0, 5КО) америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кәсіпқой бокс қауымдастығына сілтеме жасап.

Екінші жеңіл салмақтағы айқас ертең, яғни 15 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де Лас-Вегастың (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді. Жекпе-жек 8 раундтан тұрады. ⠀

Қазақстандық боксшы қарсыласынан біршама ауыр болып шықты. Ескендірдің салмағы - 122,4 фунт болса, Исидро Очоаныкі - 122 фунт.

Бұл кештің басты оқиғасы – суперауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британдық Тайсон Фьюри (28-0-1, 20КО) мен швециялық Отто Валлиннің (20-0, 13КО) айқасы.

Еске сала кетейік, 22 жастағы Ескендір Харсан - WBC Inter-Continental бойынша жас чемпион титулының иесі. Биыл ол «MTK Kazakhstan» компаниясымен келісімшартқа отырды. Боксшы кәсіпқой рингте 2017 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Спорттағы 6 айқастың бесеуін - АҚШ-та, біреуін - Қазақстанда өткізген.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Спорт, Америка, Бокс,
Жоғары қарай