Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

ESPN сарапшысы Головкиннің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

2019 жылдың 4 тамыз 2019 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэльдің пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы украиналық Александр Деревянченко болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Головкин Деревянченкомен 5 қазанда жұдырықтаса алады. Сен қалай ойлайсың, бұл мүмкін бе?» деген сауал қойды оған twitter-де жанкүйерлердің бірі.

«Меніңше, бұл кездесу болады»,-деп жауап берді оған Дэн.

Егер Головкин мен Деревянченконың кездесуі өтетін болса, онда IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының бос тұрған белдігі бәске тігіледі. Аталмыш белдік бұған дейін мексикалық Сауль Альвареске тиесілі болатын. Канело одан Деревянченкомен шығу міндетінен құтылу үшін әдейі босатты.

Жоғары қарай