Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Эстонияда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

2019 жылдың 18 шілде 2019 21:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Ляэне-Харью болысында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 26 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат республиканың Құтқару департаментіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 13:10-да Таллин-Раннамыйза-Клоогаранна тас жолының 27-ші шақырымында Меремыйза елді мекенінің маңында орын алған. Автобус жолдың жиегінде тұрған тіркемелі жүк көлігіне соғылған.

Жол апатының салдарынан екі адам ауыр, ал бесеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы Солтүстік-Эстония өңірлік ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек тағы да 19 адам жеңіл түрде жарақаттанған.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай