Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Этносаралық келісімді күшейтудегі медиация институттарының рөлі зор - сарапшы

2017 жылдың 11 қазан 2017 14:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Этносаралық келісімді күшейтудегі медиация институттарының дамуы мен рөлі. Халықта құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында медиация институтын енгізіп, орындау жазбасын нотариустардың толтыруына жағдай жасау керектігі туралы тапсырма берген болатын. Бұл жиынның ҚР ҚХА залында өтіп жатқаны тегін емес. ҚР ҚХА отырыстарында татулық, бірлік атмосферасы қалыптасқан. ҚХА медиацияның дамуына қосқан үлесі зор», - деді Бостандық ауданының сотының төрағасы Баянов Алтынбек.

Жиынға өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Хамедов Абилфас, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, аудандық сот төрағалары мен судьялары, ҚР Ұлттық банкінің өкілдері, нотариустар, қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, қалалық коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында Медиация институтының этносаралық татулықты қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Жоғары қарай