Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Еурокомиссияны бірінші рет әйел басқаратын болды

2019 жылдың 17 шілде 2019 07:23

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропа парламенті сейсенбі күні дауыс беріп, Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйенді Еурокомиссияның төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Еуропа парламентіндегі 383 депутат Урсула фон дер Ляйеннің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 327 депутат қарсы болды. 22-сі қалыс қалды.

Ол 1 қарашадан бастап Еуропа комиссиясының қазіргі төрағасы Жан-Клод Юнкердің орнын басады. Сөйтіп Еуропа одағы атқарушы жоғары билік органының басшылығына тағайындалған бірінші әйел атанады.

Айта кетейік, Урсула фон дер Ляйен ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссияны 2019-2024 жылдар аралығында басқарады.


Автор: Тимур Дүйсекеев

Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай