Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Еуропа чемпионы Головкинмен жекпе-жекке шықпауы мүмкін

2019 жылдың 29 наурыз 2019 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы польшалық Еуропа чемпионы Камил Шереметтің маусымда қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуы екіталай. Бұл туралы Bokser.org-ке берген сұхбатында промоутер Анджей Василевский айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG-ге қарсы шайқастан бөлек, Шеремет WBC-ның «уақытша» әлем чемпионы Джермалл Чарлодан ұсыныс алған болатын. Алайда жаздың бірінші айында оның жаттықтырушысы Федор Ляпин бірінші ауыр салмақтағы Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалында Майрис Бриедиспен күресуге өзінің басқа шәкірті Кшиштоф Гловацкиді дайындаумен айналысатын болғандықтан, поляк дәл қазіргі уақытта мұндай үлкен шақыртуларды қабылдауға дайын емес. Сол себепті маусым айындағы Головкиннің негізгі қарсыласы америкалық Брэндон Адамс болмақ.

GGG командасы экс-чемпионның келесі жекпе-жегіне шығатын боксшылардың нақты есімдерін әзірге атаған жоқ. Жаттықтырушы Геннадий Абель Санчес соңғы сұхбаттарының бірінде бұл сұрақты аптаның соңында талқылауды жоспарлап отырғандарын айтып өтті.

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай