Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Еуропа лигасы: «Астана» жарысты жалғастыратын болды

2019 жылдың 1 тамыз 2019 22:05

НҰР-СҰЛТАН. Елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіне шығып, Шымкенттің «Ордабасы» жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» бүгінгі ойынды сәтсіз бастады. Кездесуде «Санта-Колома» командасы есеп ашты. Ойынның 7-минутында Энрик Пи гол соқты. Мұндай голды күтпеген «Астана» алға қарай ұмтылды. Дегенмен, андорралық футболшылар оған лайықты қарсылық көрсете білді. Кездесудің 24-минутында «Санта-Колома» ойыншылары өз алаңында тәртіп бұзды. Төреші белгілеген пенальтиді Рунар Сигурьонссон мүлтіксіз орындады. Осылайша бірінші кезеңнен кейін таблода 1:1 есебі жанып тұрды.

Екінші кезеңде «Астананың» хорватиялық шабуылшысы Марин Томасов бұған дейін жасыл алаңда жүрген Фирмин Мубелені алмастырды. Марин Томасов өз командасының жеңіск жетуіне зор үлес қосты. Ол 73 және 79-минутта мергендік танытты. Ол 90-минутта кездесу нүктесіе қойды. Осылайша «Астана» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. «Астана» өз алаңында Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездесіп жатыр. Естеріңізге сала кетелік, Андоррада өткен алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркелді.

Енді Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде елордалық футболшылар Мальтаның «Валлетта» командасымен кездеседі

«Санта-Колома» – өз еліндегі тәжірибелі клубтың бірі. Команда 1986 жылы құрылған. Бүгінгі күнге дейін 13 мәрте Андорра чемпионатында алтыннан алқа тақты. Соңғы алты жылдан бері чемпиондық тұғырға тұрақты түрде көтеріліп келеді. Еурокубок ойындарында әзірге жоғары жетістігімен жанкүйерді қуанта алмай келеді. Тек 2014 жылы Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Арменияның «Бананц» командасын орта жолда (1:0, 2:3) қалдырып кетті. Онда сырт алаңда соққан голдың есебінен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Дегенмен жарыстың келесі сатысында Израильдің «Маккаби» (Тель-Авив) командасына шамасы келген жоқ.

Шымкентте «Ордабасы» Чехияның «Млада-Болеслав» командасын айналып өте алмады. Бірінші кезеңде «Ордабасы» 1:2 есебімен жеңіліп тұрды. Ойынның 8-минутында Марек Матейоски есеп ашса, 41-минутта Николай Комличенко пенальтиден есепті үстемелей түсті. Ал 45-минутта шымкенттік шабуылшы Алексей Щеткин қақпаны дәл көздеді.

Екінші кезеңде де командалар бір-біріне гол соқты. Ойынның 47-минутында чех командасынан Мурис Мешанович гол соқса, 56-минутта «Ордабасы» ойыншысы Абдуллай Диакате пенальтиден есеп айырмасын қысқартты. Бүгінгі кездесуде «Ордабасы» 2:3 есебімен жеңіліп жарыс жоолынан шығып қалды. Естеріңізге сала кетелік, алғашқы кездесуде екі команда 1:1 есебімен тең түскен болатын.


Перевод Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай