Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Еуропада «Ұлы даланың жеті қыры» концерттік турнесі өтуде

2019 жылдың 7 наурыз 2019 18:52 1650

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропа қалаларында «Ұлы даланың жеті қыры» концерттік турнелері өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі Франциядағы «Қорқыт» қазақ мәдени орталығына сілтеме жасап.

Гастроль сапарларын «А1» продюссерлік орталығы «Арт Амбассадор» компаниясымен бірлестікте, Қазақстанның Франциядағы елшілігі мен Монакодағы құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Турне дүйсенбі күні Монакодағы басталып, варьете театрынан басталған. Қазір Канныда өтіп жатыр, соңғы концерт Парижде өтеді.

Концерттердің бағдарламасына «Тұран» этнофольклорлық ансамблі, «T&Y» домбырашылар дуэті, қазақтың дәстүрлі әндерін орындаушы Айдана Қаржаубаева және қобызшы Әйгерім Әшімова қатысуда.

«Бүгінгі кеште біз қазақ әндерімен бірге Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ даласына саяхаттап, қазақ халқының тарихына үңілдік», - дейді Монаконың мемлекеттік хатшысы Жак Буассон.

«Мен әсерленгенім соншалық, концерттің басынан аяғына шейін кірпік қақпай отырдым. Қазақстан таңғажайып ел. Музыка мен пейзаж арқылы тағы бір рет Қазақстанға барып келгендей болдым», - дейді француз жазушысы әрі суретші Сильвана Лоренц.

Гастроль сапарлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатыр.

Авторы: Тимур Дүйсекеев

 

 

Жоғары қарай