Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

«Эйр Астана» Үндістан рейстерінің жолаушыларын жеткізуге барын салмақ

2019 жылдың 1 наурыз 2019 18:44 705

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - «Эйр Астана» әуе компаниясы  Үндістанға шығатын рейстердің ұшпауына байланысты жолаушыларды елге жеткізу мәселесін жан-жақты шешуге тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Осыған байланысты Эйр Астананың колл орталығы 27 ақпанда ұшуы тиіс болған  «Алматы - Дели - Алматы» бағытындағы KC 963/964 рейсі мен 28 ақпандағы рейсінің, 1 наурыздағы КС907/908 рейстерінің жолаушыларын басқа тасымалдаушылармен жеткізу жолдарын талқылап жатыр.

«Әуе кеңістігінің жабылуынан соң жолаушылардан 597 хат түсті. Оның біразында жолаушылар рейстерін серіктес компаниялардың рейстеріне ауыстыру туралы өтініш жасаған (Киев, Бангкок, Гонгконг, Сеул, Мәскеу арқылы), біразы мүлде рейсті ұшырмауға өтініш білдірген. Әуе компаниясы әлі де хабарласпаған жолаушыларға билеттерді ауыстыру бойынша хабарласуларын өтінеді», - деді «Эйр Астана» әуе компаниясынан.

Әуе компаниясы ұшпай қалған рейс жолаушылары  айыппұлсыз билет ауыстыра алатынын хабарлады.

Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Үндістанға рейстердің орындалмағанын кеше жазған болатынбыз.

Бөгелген рейстің  жолаушылары Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы  Мускат әуежайы бағытында ұшып келді.

Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына екі ел арасындағы қақтығыстар себеп болды. Үндістан билігі Кашмир территориясындағы лаңкестер лагерін бомбалаған.

Пәкістан билігі таңертең әуе кеңістігінің қауіпсіздігін бұзған екі ұшақтың құлатылғанын мәлімдеді.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай