Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Ферғанада қазақ-өзбек мәдени-білім беру орталығы ашылды

2019 жылдың 17 желтоқсан 2019 03:04

ФЕРҒАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстандағы Ферғана мемлекеттік университетінде алғашқы қазақ-өзбек мәдени-білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты. Халықаралық байланыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ақбота Жолдасбекова интернационалдандыру және Орталық Азия ЖОО-ларының өңірлік ынтымақтастығының келешегі туралы өзекті мәселелерді қозғады.

Ал Ферғана мемлекеттік университетінің ректоры Әлішер Хаитбаев Өзбекстанда тұңғыш ашылған орталық Қазақстанның ғылым-білім саласымен өзара әрекеттестікті кеңейту және бауырластық өзара қарым-қатынасты қолдау үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Айта кетейік, ЕҰУ осыған ұқсас мәдени-білім беру орталықтарын бұған дейін Иран, Түркия, Қытай, Беларусь және Пәкістанда ашқан болатын. Ондағы негізгі мақсат – шетелде қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау, сондай-ақ өзге ел педагогтары мен студенттерін Еуразия ұлттық университетіне шақыру.




Жоғары қарай