Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

«FlyArystan» елордадан 3 қалаға әуе рейстерін ашты

2019 жылдың 7 қазан 2019 11:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» АҚ-тың Логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев «FlyArystan» әуе компаниясының алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лоукостер туралы баяндап өтейін: осы жылы басталған әуе тасымалдары айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті. Жүктеме 90 пайыздан асып, 450 мыңнан астам билет сатылды. Олардың 60 пайызы ең төменгі тарифтер бойынша 6 ай ішінде 10 мың теңгеге дейінгі бағамен ұсынылды. Лоукостердің нәтижесінде әуежайлардың қызметі жақсарғанын атап өту қажет. Осы жылдың мамырынан бастап Қазақстанның 7 әуежайындағы ішкі рейстер бойынша жолаушылар ағыны орта есеппен 20 пайызға өсті», - деді ол.

Сонымен бірге, Қанат Алпысбаев ұлттық лоукостердің алдағы жоспарымен бөлісті.

«Жуық арада Нұр-Сұлтаннан Павлодар, Семей, Шымкент қалаларына бағытталған әуе рейстері ашылады. 2020 жылдың соңына дейін лоукостер аймақтық орталықтардың көбіне ұшақ ұшырады. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан Мәскеу қаласы бағыты бойынша халықаралық бағдарды ашу жоспарда бар. Қарағанды, Ақтөбе қалаларына да ұшақ ұшыру көзделген», - деді ұлттық компания өкілі.

Жоғары қарай