Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Францияда коронавируспен күреске армия тартылмақ

2020 жылдың 26 наурыз 2020 09:05

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция президенті Эммануэль Макрон сәрсенбіде COVID-19 коронавирусына қарсы күресте армиялық операцияның басталып, денсаулық сақтау жүйесіне қомақты инвестициялар салынатыны туралы жария етті. Бұл туралы France 24-ке сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Вирустан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі Мюлузда өткен баспасөз конференциясында сөз сөйлеген Макрон дағдарысты еңсеру бойынша жан жақты шаралар қолданылатынын айтты.

«Тұрақтылық» атты жаңа операцияның аясында армия материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, Франция Кариб бассейні, Оңтүстік Америка және Үнді мұхитындағы теңіздің арғы жағындағы аумағынан пациенттерді тасымалдау үшін тікұшақтар жұмылдырады.

Еске сала кетейік, 25 наурыздағы жағдай бойынша, Францияда коронавирус жұқтырған адамдар саны 25 233-ке жетіп, 1331 адам көз жұмған.


Басты сөздер: Коронавирус, Еуропа,
Жоғары қарай