Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Францияда пышақ ұстаған ер адамның шабуылынан екі кісі өліп, жетеуі жараланды

2020 жылдың 4 сәуір 2020 20:30

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Францияда пышақпен қаруланған ер адам жеті адамды жаралап, екі адамды өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Local-ға сілтемемен.

Оқиға сенбі күні таңертең елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Роман-сюр-Изер қаласындағы сауда үйінде және оған жақын маңдағы көшеде өрбіген.

Жараланғандардың бірі ауруханада ауыр халде жатыр. Полиция шабуыл жасаған адамды ұстады.

Францияның ішкі істер министрі Twitter-де шабуылдың не себепті жасалғаны және оған не түрткі болғаны зерттеліп жатқанын жазды.


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Әлем,
Жоғары қарай