Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Францияда жарылыс болды: Қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

2019 жылдың 24 мамыр 2019 23:34 1144

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Францияның Лион қаласы көшелерінің бірінде болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығын анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін кешке Францияның Лион қаласының көшелерінің бірінде жарылыс болып, оның нәтижесінде жеті адам жарақат алды. Қазіргі таңда Париждегі біздің Елшілігіміз жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар екендігін тексеруде», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Толығырақ ақпарат оқиғаның мән-жағдайын анықтағаннан кейін қосымша беріледі.

 

 

Автор: Гүлсая Жақан
Басты сөздер: Еуропа, ҚР СІМ,
Жоғары қарай