Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келі кокаин шығып қалған

2019 жылдың 12 қараша 2019 08:55

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Осы айда Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сайтына сілтеме жасап.

Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды.

Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды. Ренн прокуроры Филипп Аструктың айтуынша, табылған 763 келі кокаин «Оңтүстік Америкадан келген және оның құны әлдеқайда қымбат».

«Кез келген табылған есірткіге қол тигізбей, бұл туралы полицияға немесе жандармдарға хабарлау керек», - деп мәлімдеді прокуратурада.

Францияда кокаин секілді есірткілерді тасымалдағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Автор:

Тимур Дүйсекеев

Басты сөздер: Есірткімен күрес, Әлем,
Жоғары қарай